Осы екі мақсат бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. «Ауылдағы ағайынның табыс көзі болып табылатын мал шаруашылығында өндірген өнімді сату оңай шаруа емес екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр»,- деді «Аграрлы Қазақстан» хабарының бүгінгі қонағы Ербол Абдраимов.
Дала мен қала арасында шапқылап, делдалдық қызметін кеңінен атқарып жүрген жеке тұлғалар сатылатын өнім бағасына кем дегенде 20-30 пайыз пайдасын қосып жүр. «Кеңес заманында өз тиімділігін көрсеткен дайындау орталықтарының (заготконторалардың) болмауын пайдаланып, қараптан-қарап ақша тауып отырған делдалдардың көзін жою мемлекет қолынан келмейтініне көзіміз әбден жетті. Бұл функцияны тек цифрлендіру арқылы шеше аламыз. Сондықтан да халыққа тегін қызмет көрсету үшін maltabu.kz интернет сауда алаңын жасап шығардық»,- дейді сайт құрылтайшысы.
Қазақ тіліндегі контенті жақсы деңгейде ұйымдастырылған аталмыш сайт көңілімізден шықты. Төрт-түлікті де, соған қажет жем-шөп пен қызмет түрлерін де сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығы өнімін сату мәселесін шеше алмай жүрген аудан, облыс әкімшіліктері мен құзырлы органдар осынау бастамаға қолдау көрсетер деп сенеміз.
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.
Хабардың редакторы: Анас Ахатұлы.