«Мама Про» қоры аналарды кәсіпкерлікке баулуда

«Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры Алматы қаласындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Енді оңтүстік астанадағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар да бүлдіршіндерін орталыққа апарып, тәрбиешілер мен психологтардың қарауына тапсырып, кәсіпкерлік негізін меңгеріп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

«Мама Про» қоры Мүгедек балалары бар аналарды қолдап, кәсіпкерлікке баулумен айналысады. 2018 жылдан бері орталықта Сорос Қазақстан қоры және АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек балалары бар 120-дан астам аналар білім алды. Аталмыш жобаның ерекшелігі – қатысушы аналар сырттан көмек күтпей, өз бизнес бастамасын жүзеге асырып, кәсібін ашып, сондай ақ басқа да қиын жағдайдағы аналарға қолдау көрсетеді.

Толық ақпарат «Атымтай» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.