Алыпсатарларға жол жоқ

Бірінші шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгермек.

Жауапты мамандардың хабарлауынша енді алыпсатарлар жолаушылар қайтарған билеттерді «қолға түсіре» алмайтын болады. Электронды теміржол билеттері фискалды чек ретінде саналып, жолаушыларды есепке алу мен отырғызуға негіз болады.

Билет кассалары үшін жол құжатын сатудың жаңа шарттары туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы хабарлады. «Жолаушылар тасымалы» пойызына билет алу биыл 1 шілдеден бастап автоматтандырылған жүйе арқылы іске асырылатын болады. Тарифтер еш өзгеріссіз қалады. Бірақ алыпсатарлар билеттерді қайта сатудан пайда түсіре алмайды, деп сендірді компания.

Толық ақпарат «Медиа шолу» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.