«Ақбілек» романы

Ақбілек – Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық шығарма.

«Ақбілек» романында еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни, қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді. «Ақбілек» романыныдағы оқиғалар өмірден алынған. Ақбілек әлемі, Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының әрекеті кеңінен көрініс береді.    

«Ақбілек» – ұлттың танымы мен парасат, болмыс-бітімін көрсететін тәрбиеік мәні зор роман. Салт – дәстүр, әдет ғұрып кеңінен суреттелген шығарма мазмұны болашақ ұрпағымызға ой салары анық.    

Бүгін «Көкжиек» хабарынан «Ақбілек» романының жалғасын тыңдай аласыздар.    

«Көкжиек» хабары бүгін 21:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.    

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.