Гүл егуді үйренгіңіз келсе, кактус егуден бастаңыз

Бөлменің ауасын тазартып, бөлмеге сән беру үшін өсірілетін гүлдердің түрлері өте көп. Көрген көзге қуаныш сыйлайтын әсем гүлдердің күтімі әр түрлі болатындығын қыз-келіншектер жақсы білуі керек. 

Ол адамның физиологиялық, психологиялық жағдайына жағымды әсер етеді. Егер сіз алғаш рет бөлме гүлін өсіремін деп шешсеңіз, аса ерекше күтімді қажет ете бермейтін, ылғал мен жарыққа да «аса мұқтаж емес» төзімді бөлме гүлі кактус өсіруден бастап, тәжірибе арттырыңыз. 

Әр гүлдің өзіне тән күтімі болады

Кейбір гүлдер күн сайын суды қажет етіп, жарықсүйгіш болса, біреулері жапырақтары арқылы қорек алады. Кейбірі тек тамыры арқылы, яғни, түбектің астындағы тәрелкесіне су құю арқылы қоректенеді екен. 

Бөлме гүлдерінің пайдалы тұстарымен қоса, оның зиянды жақтарын да білгеніңіз абзал

Мысалы жатын бөлмеге мейлінше бөлме гүлін қоймағаныңыз дұрыс. Көпшілігіміз гүл оттегі бөлуші, ауаны тазартушы деп, жатын бөлмеге гүл өсіріп қателік жіберіп жатамыз. Жатын бөлмеге кез келген гүлді қою дұрыс емес. Өйткені, гүлдің түнгі уақытта бөлмедегі оттегін өзіне сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлуіне байланысты адам ұйқысынан тұрғанда шаршап тұрады немесе ұйқысы қанбайды. Сергектігін жоғалта бастайды. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

Бағдарламаның редакторы: Айнұр Шамшейтова.