Қазақ радиосының «Сал домбыра» хабарында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, батыс әншілік мектебінің өкілі, әнші, термеші Рысты Сүлейменова қонақта болды.
Хабар барысында студия қонағы төмендегі сұрақтарға жауап берді:
· Биыл қазақ әнінің дауылпазы – Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдық мерейтойы. Ғарекеңнің айтылмай жүрген әндері жайлы әнші пікірі қандай?
· «Өнерпаз болсаң өр бол» деген Мұхтар Әуезовтің сөзін әнші қалай түсінеді?
· Әншілер сахнадаға шығар алдында жүрек лүпілдеп, қол-аяғы дірілдеп, қобалжиды. Осындай үрейді Ырысты қалай жеңеді?
· Әншінің жары – жыршы Қоныс Жүсіпов. Сынды үйде кім көп айтады?
· Отбасылы жанның стденттік шақтағыдай оңаша отырып, ән салуға мүмкіндігі бола ма?
· Жүректің тыныштығын, көңіл-күйдің қалауын іздегенде қолына домбыра алып, ән шырқай ма? Шырқап отырған әні әншінің жай-күйін білдіре ме?
· «Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де жанды желпіндіреді» деген Ромен Ролланның сөзін әнші қалай түсінеді?
· Ұлттық музыка ұлттық рухты, болмысты оятатын бірден-бір тетік екеніне қаншалықты иланады?
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.
Хабардың редакторы: Жадыра Жұмакүлбай.