Қоқыс өткізіп, сыйлық алуға болады

«Жастар жылында» стартаперлерді қолдауға ерекше екпін берілуде. Бұл туралы «Стартап» хабарына тарқата айтылды. Студия қонағы - қоқысты қайта өңдеуге арналған «Тазалық» атты мобильді қосымша және экобокс ойлап тапқан жас өнертапқыш Айбек Рахым.

Айбек Рахым – жас та болса еліміздегі қоқысты қайта сұрыптау саласын дамытуға барын салып жүр. Өзі сияқты епті замандастарымен бірігіп, компания құрды. Ең бастысы, кез келгеніміз ұялы телефон арқылы бақылай алатын «Тазалық» атты мобильді қосымша ойлап тапты. Сіз де дәл қазір Плей маркет және Аппстор арқылы жүктеп алып, қоқысыңыздан пайда тапсаңыз болады. Бұл бір жағынан табыс көзі, ал екінші жағынан экологияның жақсаруына үлес қосасыз.

Жалпы айтқанда, қоқысты қайта өңдеу саласы бизнес әрі әлеуметтік жауапты іс ретінде дамыса, еліміз ұтылмас еді.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабар авторы әрі редакторы: Мөлдір Жанбай