Экологиялық мәселелерді шешудегі әлеуметтік жобалар

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» басқармасының төрағасы Салтанат Рақымбекова қатысты.

Сұхбат барысында экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық келісім мен еліміздегі жасыл технологияларды қолданысқа енгізудегі коалиция өткізіп жатқан әлеуметтік жобалар және ауыл-аймақтарда тұратын жұмыссыз әйелдерге арналған жобалар жайлы айтылды.

«Ауылды дамытпай, ірі шахарларда жақсы өмір сүру мүмкін емес. Өйткені ауыл шаруашылықты дамытып, егістік жерлерді игеру арқылы жер, су, күн көзін пайдалана отырып, жаңа технологияларды енгізіп, қоршаған ортамызды аялаймыз, ғаламдық мәселеге айналған экологиялық қиындықтарға назар аударамыз және шешу жолдарын тиімді пайдаланамыз»,- дейді Салтанат Темірқұлқызы. Сонымен қатар, хабар барысында «Париждік келісім» жөнінде де әңгіме өрбіді. 2020 жылға дейін көмір, газ, көліктен шығатын түтін т,б экологияға залалын тигізетін жағдайларды шешу жолындағы атқарылып жатқан істер турасында да пікірлер айтылды.

Бағдарламаны жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/969629