Суда жүзудің пайдасы

Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Бүгін шаршаған денеңізге энергия, қажыған ағзаңызға иммунитет сыйлайтын суда жүзу спортының пайдасы жайлы айтамыз.

Суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш қартаяды екен. Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден-бір жолы – осы екенін баса айтқан.

1. Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс істейді. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.

2. Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек-дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.