Әйелге ақын болу оңай емес

Есенгелді Сүйінұлы: Әйел адамға ақын болу оңай емес. Бала-шағасы, үй шаруасы бар, атқаратын қызметі бар. Бірақ соған қарамастан Марфуға өлең жазуға уақыт тапты, ақтық демі біткенше қолынан қаламын тастамады. Әдебиетке адалдығын танытты, өлеңді өмірім деп ұғынды. «Бір қолымда бөбегім, бір қолымда өлеңім» деген өлеңі соның айғағы.

Жазушылар одағының мүшесі Есенгелді Сүйінұлы аяулы жары және отбасылық өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейт.