Қытайға қазақ батырының өлімі не үшін керек болды?

Қытайға қазақ батырының өлімі не үшін керек болды?

Биыл Оспан батырдың 120 жылдығы. Қытайдағы Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, халық батыры – Оспан батыр Сіләмұлы. Қолға түсіп, 1951 жылы 29 сәуірде Қытайдағы Үрімжі түрмесінде атылған.  

Біз Оспан батырдың ерлігі туралы не білеміз? Батырдың өмір сүрген заманы неліктен аласапыран болды? Оспан батыр туралы ащы ақиқат неге айтылмай жүр? Белгісіз хаттары нендей сыр шертеді? Неге ату жазасына кесілді?

Осы сауалдар төңірегінде, аты аңызға айналған Оспан батырдың тұлғалық бейнесін, өмірі мен күрескерлігін зерделеп, зерттеп жүрген мамандар – т.ғд., профессор Тұрсынхан Зәкенұлы және т.ғ.докторы, профессор Мақсат Алпысбесұлы, сондай-ақ, саяси сарапшы, журналист Бейсен Ахметұлы студияда қонақта болды. 

Бағдарламаны жүргізген: Гүлнұр Омарханқызы. 

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/971416