Қазаққа қандай кино керек?

Қазақ қоғамына қандай кино керек? деген тақырыпты талқылауға студияға жазушы, кинодраматург, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева мен актер Нартай Сауданбекұлы келді. 

• Қазақ киносы неге көрерменге өтпейді? Көсегесі неге көгермей отыр?

• Коммерциялық, оның ішінде комедия жанрындағы фильмдердің көп түсірілуінен не пайда бар?

• Голливуд, Болливуд сынды қазақ киносының Қағбасы - «Қазақфильм» жеке киностудиялар түсірген фильмдерді сүзгіден өткізетін, соңғы шешімін шығарар көркемдік кеңесі болуы керек шығар?

• Қазақ киносының тілі әдеби болғаны жөн бе?

• Ал екітілді киноға қонақтар не дейді?

• «Айка» фильміндегі Самал қырғыздың емес, қазақ қызының рөлін сомдаса, пікір жақсы болар ма еді?

Осы және өзге сұрақтарға толық жауап алу үшін, FILMFAN-ның 13 маусымдағы санын сайтымыздан тыңдап, YouTube желісіндегі Қазақ радиоларының арнасынан көре аласыздар.


Бағдарлама жүргізушілері: Жадыра Жұмакүлбай және Теңге Бекмырза