«FILMFAN» хабарының кезекті саны «Кино тарихындағы алғашқылар» тақырыбына арналды. Яғни, ең алғашқы фильм, алғашқы анимация, тұңғыш қазақ кинотуындылары және олардың авторлары туралы сөз қозғалды.
Адамзат тарихындағы ең алғашқы киноның жарық көргеніне биыл 124 жыл. Яғни, 1895 жылы 28 желтоқсанда көрсетілген ағайынды Льюмерлердің Францияда түсірген туындысы Ла-Сиота вокзалына пойыздың келуін суреттейді.
Экрандағы бейненің қимылдауы сол кездің көрерменін қатты таңқалдырғаны соншалық, көрсетілім кезінде залда отырған көрермендер қорқып, айқайлап та жіберген. Кейбірі залдан қашып та шыққан. Орыс жазушысы, әйгілі Максим Горкий: Кенеттен бірнәрсе шыға келді. Экранда – отарба. Ол саған қарай жүйткіп келеді. Сақ болыңыз! Ол дәл бәз отырған жаққа асығып келе жатқандай әсер қалдырады» деп, өз әсерін жазған екен.
Ал қазақтң кино тарихы қай кезеңнен басталады? Неге тұңғыш картина кеш шықты? Алғашқы фильм – «Амангелді» ме, жоқ па? Осы сауалдардың жауабы эфир барысында кәсіби мамандар пікірімен бірге талқыланды.
Ең алғаш пайда болған анимация сөз болғанда Джеймс Стюарт пен Эмиль Кольдың аттары тарихта қатар аталады. Ал қазақ мультфилмінің тарихы Әмен Қайдаровтың есімімен байланысты. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды құнды дүниені қазаққа сыйлаған тұлға мен оның шығармашылығы да хабар барысында жан-жақты айтылды.
FILMNEWS:
«Қасым хан» телесериалы түсіріледі. Ол 75 бөлімнен тұрады.
Туындының режиссері – «Ертұғырыл» сериалының авторы және режиссёрі Гюнай Метин. Елбасының арнайы шақыртуымен келген маман тарихи орындарды көруге аттанған.
«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.
Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі Шанхайдағы кинофестивальге қатысып жатыр. Шара 15-24 маусым аралығында өтеді. Картинаның фестивальдің негізгі конкурсында бақ сынауы - қазақ киносы тарихындағы алғашқы оқиға.
Болат Қалымбетовтың «Талан» фильмі Оңтүстік Африкадағы кинофестиваліне қатысады. Фестиваль 18-28 шілде аралығында Дурбан қаласында өтпек. Бұл – Оңтүстік Африкада қазақ киносының алғаш көрсетілуі.
FILMTRAILER:
Маусымның 20-нан бастап әлемдік ең үздік блокбастер американдық «Ойыншықтар оқиғасы» анимациялық фильмінің төртіншісі көрерменге жол тартады. «Пиксар» компаниясы мен «Диснейлэндтің» бірлескен жобасы алғаш рет 1995 жылы шыққан.
Сондай-ақ тыңдаушыларға алғашқы кинотуындыларға қатысты сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.
Хабардың толық нұсқасын сайтымыздан тыңдап, «Youtube» желісіндегі «Қазақ радиоларының» арнасынан көре аласыздар.
Бағдарлама жүргізушілері: Жадыра Жұмакүлбай және Теңге Бекмырза