Атыраулықтар Арыспен бірге

Арыстағы ағайынға Атыраудан 20 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оның ішіне азық-түліктер, жеке гигиена құралдары және тұрмысқа қажетті заттар кіреді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды.


«Біз «Арыс, біз біргеміз!» атты жалпы халықтық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының арқасында 20 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Бұдан бөлек, Атырау халқы БАҚ жариялаған банк шоттарына қаражаттарын аударуда»,- дейді «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел.

Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы