Табиғатта демалудың пайдасы

Екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу – денсаулыққа пайдалы.

Ғалымдар табиғат аясында уақыт өткізудің психикалық және физикалық пайдасы бар екенін дәлелдейтін тағы бір зерттеу жүргізді. Мамандардың айтуынша, аптасына бір рет екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу денсаулыққа пайдалы, деп жазады The Guardian басылымы.

«Саябақта, орманда немесе жағажайда уақыт өткізудің денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі. Дегенмен, ғалымдар жүргізген жаңа зерттеу алғаш рет табиғат аясында қанша уақыт өткізудің пайдалы екенін анықтады. Табиғатта өткізген екі сағат бес күн қатарынан жеміс-жидек жеумен немесе аптасына 150 минут физикалық жаттығу жасаумен пара-пар. «Зерттеуге Анлиядан 20 мың адам қатысты. Зерттеуді Эксетер университеті Медицина мектебінің мамандары жүргізді. Екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу жастар үшін де, қарттар үшін де бірдей пайдалы болып шыққан.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.