Арысқа көмек жалғасуда

Қуаныш пен қиындықта бірге болу – ұлттық бірлік пен тұтастықтың дәлелі. Арыстықтар басына ауыртпалық түсіп еді, қалың қазақ әуелі алаңдады, сосын баспанасыз босып кеткен азаматтарға жедел көмек көрсетті; біреулер заттай, біреулер қаржылай қол ұшын созды. Мұның сыртында қаншама сөз жәрдемі – игі тілек, қолдау, дем беру дегеннің бәрі болды.

Апаттан зардап шеккен тұрғындарға материалдық және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар таратылуда. Еріктілер тегін медициналық қызмет ұсынды. Мектеп оқушылары үшін еліміздің аймақтарында демалыстар ұйымдастырылуда.

Арыс апатына байланысты құрылған «Түркістан» әлеуметтік корпоративтік қорының есебіне 1 миллиард теңгеден аса қаражат түскен.

Ал Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен, Арыс қаласының тұрғындарына Алматы Орталық мешітінен «Арысқа жылу» атты қайырымдылық керуені жолға шықты.

Толығырақ «Атымтай» хабарынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Нұртас Нұрғали.