Төлеутай Ысқақұлы: Сыртқы саясатты ақ парақтан бастадық

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында белгілі қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академигі, саяси ғылымдардың докторы, дипломат Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы қонақта болды.

Студия қонағы бабалардың арманы болған Тәуелсіздік туралы ой толғады. 28 жыл ішінде еліміздің келбеті күрт өзгеріп келе жатқандығын тілге тиек ете отырып, тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдарға шолу жасап, өз естеліктерімен бөлісті.  

ҚР тұңғыш сыртқы істер министрі болған Төлеутай Ысқақұлы 17 жыл ішінде көбінде шетелдерде тұрғанын, сол қиын-қыстау кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы шақыртуымен  Ресейде дипломат болып істеп жүрген қызметін тастап отанға оралып, елдің іргесін қалауға ұмтылғандығын әңгімеледі. Сондай-ақ, бағдарлама барысында Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен барша қазақ жұртшылығын құттықтай отырып, «Ұлы дала Қазақ елі – мәңгі жасасын!» - деген тілегін жолдады. 

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 

Бағдарламаны жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.