Рүстем Әбдіраш, Жаңабек Жетіруов Қазақ радиосында

Еуразия кинофестивалі аясында Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы – Алтын тақ», Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмдері көпке ұсынылды. Бұған дейін «Шыңырау» картинасы Дакка, Непал фестивальдеріне қатысып, «Үздік оператор» жүлдесін еншілеген. «Алтын тақ» 72-ші Канн фестивалінде Еуропа жұртшылығына көрсетілген. 

Осыған орай «FILMFAN» бағдарламасына режиссер, сценарист Жаңабек Жетіруов, режиссер, сценарист, продюсер Рүстем Әбдіраш және актриса Мадина Есманова қонаққа келді.

Тарихи фильмдердің ерекшеліктері, қазақ киносына қажет талаптар, әлем көрермендерінің қабылдауы және т.б. тақырыптар сөз болды.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.