Тәуелсіздігін қорғайтын қоғам қандай болуы қажет?

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» хабарында – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану кафедрасының профессоры, «Этносаралық қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясы толеранттылығы Орталығының» директоры Сатай Мақсұтұлы Сыздықов қонақта болды.

«Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, идея сол мемлекетте өмір сүретін халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтескье: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болуы керек» деген. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет – оның сол мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде болу қажеттігін айтады. Осы негізгі екі белгі де түркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді», - дейді Сатай Сыздықов.

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/kuttykonak/984950