Көмек көрсету акциясы

«Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» деген ағайындар арыстық бауырларға көмек көрсетіп жатыр. Ел ішінде бастау алған қайырымдылық шаралары әлі күнге дейін жалғасын табуда.

Мысалы, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құрып, «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы аясында этномәдени орталықтарды ерікті ретінде арыстықтарға көмекке баруға шақырды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы еңселі елдік пен берекелі бірлік сынға түскен қиын кезеңде Арыстағы ағайынға барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын берді. 

Бұл жұмыстарға алғашқы күндерден қалалық, облыстық корей, славян, ұйғыр, өзбек, түрік, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері белсене қатысты.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Атымтай» бағдарламасында айтылды.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.