Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу

Шетелден әкелінетін көліктерді уақытша онлайн тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің полиция аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, шетелден әкелінетін көліктер тіркелсе, бірқатар мәселе шешіледі.

«Шетелден келген автокөліктерді уақытша тіркеуді онлайн түрде, 24 сағатта, тегін жүргізу қарастырылып отыр. Бұл мәселелер оң шешімін тапса, осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады. Бүгінгі күнде республика көлеміндегі ешқандай мемлекеттік органда шетелдік автокөліктерді жүргізетін жүргізушілер жөнінде толық мәлімет немесе нақты дерек жоқ. Сол себепті, уақытша тіркеу тек жолдағы ғана емес, полицияның қоғамдық қауіпсіздікті де сақтауына көмегін тигізеді»,- деді Ақтоты Боранова.

Толығырақ, «Медиа шолу» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Нұртас Нұрғали.