50 млн гектар орман жойылуы мүмкін

Greenpeace International баяндамасына сенсек, тұтынушылық брендтер соңғы онжылдықта Ұлыбритания көлемінен екі есе үлкен орманның жойылуына әсер еткен.  

Сонымен қатар, баяндамада 2020 жылға дейін осындай брендтер кесірінен 50 млн гектар орман жойылатыны жазылған,- деп хабарлайды The Guardian басылымы. 2010 жылы тұтынушылық тауарлар форумының мүшелері 2020 жылға дейін орман кесуді азайтуға міндеттелген болатын. Мамандардың айтуынша, орманның жойылуына пальма майы, қағаз, целлюлоза мен соя өндірісінің кері әсері мол.

Greenpeace International жүргізген зерттеуде 2020 жылдың басына қарай ауылшаруашылық өнімдерге деген сұраныстың артуы мен тұтыну көрсеткішінің өсуінен 50 млн гектар орман жойылуы мүмкін. 

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында. 

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.