Жеке тұлғаларға салық рахымшылығы

Шілденің 16-да жеке тұлғалардың салықтары бойынша өсімпұлдарды есептен шығару жолымен іске асатын салықтық рақымшылық басталды.

Биылғы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі. Аталған заң 2019 жылдың 16 шілдесінен күшіне енді. Осыған орай, Қазақ радиосынан берілетін «Басты тақырып» хабарының кезекті шығарылымы жеке тұлғалардың салықтық рахымшылық мәселелеріне арналды. Студия қонағы, сарапшы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Олжас Отар. 

Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. 

Хабарды жүргізген Болатбек Төлепберген.