«Арыстан патша» фильмі қазақ тілінде прокатқа шықты

Картина – «Болашақ корпоративтік қорының» қазақшаға аударған 31-фильмі. Саванна тұрғындарының махаббат пен достық, адалдық пен билік үшін күресін суреттейтін Дисней туындысы алғаш рет 1994 жылы 18 шілдеде жарыққа шыққан. 25 жыл өткен соң анимациялық фильмнің ремейкі көрерменге жол тартты. 

Осыған орай, Қазақ радиосының “FILMFAN” бағдарламасына дубляж ұжымы келді. Актер, дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, актер Жәнібек Мұсаев (Пумба), актер Олжас Жақыпбек (Симба). 

Фильмнің аударма жұмыстары, дауыстарды іріктеу, дубляж барысы мен қызықтары жөнінде студия қонақтары әңгіме өрбітті. 

Дыбыстауға ең тәжірибелі актерлармен қатар, кішкентай Симба мен Нала образы үшін бүлдіршіндер таңдалған. 

Әнші Бейонсе орындаған арыстан Наланың «Алға» әнін “X-Factor” жобасының жеңімпазы Дария Габдул орындаған.

«Симба» - арыстан, «Сараби» - сағым, «Рафики» - дос, «Пуиба» - аңқау, «Шензи» - дөрекі дегенді білдіреді. 

Муфаса – ағылшындардың отарлауының алдында Кенияны мекендеген халықтың соңғы патшасы. 

Дубляж актерлары диалогтарымен қатар әндерді де орындаған. 

Толығырақ аудионұсқадан тыңдаңыз.