Қажылық – бес парыздың бірі

Қазақ радиосының «Ықылас» бағдарламасында Рыскелді қажы мешітінің бас имамы Яхия қажы Абдоллаұлы қонақта болды.

Бағдарламаның кезекті шығарылымы жұма уағызы «Қажылық – бес парыздың бірі» тақырыбында өтті.

«Қажылық – адам қанын зәмзам судай тазартып, жанын Алланың рахымымен нұрландырып, арманын асқақ етіп, мақсатын мінсіз ететін, адамдардың ең қайырлысы, мейірімдісі ететін күшке ие. Екі өмірдің абаттылығына жетелейтін құлшылық»,- деді Яхия қажы Абдоллаұлы сұхбат барысында.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

«Ықылас» бағдарламасы әр аптының жұма күні сағат 10:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.