Димашты мақтан тұтамыз – Мемлекет басшысы

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты.

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан Президентінен бүгінде Ресейде танымал қазақстандық рэп-орындаушы Әділ «Скриптонит» Жәлелов шығармашылығы туралы сұрады.

«Оны бірнеше рет тыңдап көрдім. Алайда ұйып тыңдадым, бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент танымал әнші Димашты мақтан тұтатынын атап өтті.

«Ол өзінің өнерімен әуелі қытайлық тыңдармандарын, кейін Ресейді тәнті етті. Кремльдегі съездер сарайында бірнеше концерт берді. Концерттерінің барлығы аншлагпен өтті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: inform.kz