Шешендік шеберлігімен жұртты аузына қаратар жастар бар ма?

Қазақ радиосының эфирінен берілетін, сауатты сөз саптап, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға үндейтін «Сөйлеу мәдениеті» хабарының кезекті саны «Шешендік өнер» жайлы болмақ. Қоғамдық ойға қозғау салар хабардың тұрақты қонағы: филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Кемел ой, кесек сөзбен жұртты жұбатып, ұлтты ұйыта алатын өнерді қалай меңгеруге болады? 

Кез-келген адам егер әр сөзіне жауапкершілікпен қараса, сөз өнеріне деген ықыласы болса белгілі бір дәрежеде ол өзінің төл мәдениетін қалыптастырып ұстамды, орнықты тұлғаға айналады. 

Қазақтың қара қылды қақ жарған үш биінің өзі көреген көсемдігі, сұңғыла шешендігімен елді сүттей ұйытып, біріктіре білген. Қазір сондай шешендер бар ма? Олардың ерекшелігі қандай еді? 

Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан сол шешендік өнерді сақтап қалу қаншалықты маңызды? Хабар барысында осындай сауалдарға жауап табуға болады.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейт.