Азамат Нұрмұханның жауһар жырлары

Әр сенбі сайын Қазақ радиосының эфирінен шығатын «Жырлайды жүрек» хабарының кезекті саны ақын Азамат Нұрмұхан Сайлауұлының шығармашылығына арналды. 

Хабар басында ақынның өмірбаяны таныстырылды. Ары қарай үш бөлімнен тұратын айдарлар бойынша әңгіме өрбиді.

Бірінші, «Поэзия, менімен егіз бе едің?» айдарында ақын өлеңдерін оқиды. 

Екінші, «Әдеби сын» айдарында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Жангелді Немеребай Азамат Нұрмұханның өлеңдеріне қатысты сын-пікірін білдірді. 

Үшінші, «Үзіліп түскен тамшы жыр» айдарында жас ақынның лирикалық жырларын Қазақ радиосының редактор-жүргізушілері Ғылымқал Манайұлы мен Бағдагүл Рахатқызы оқиды. 

Хабардың редактор-жүргізушісі: Ғылымқал Манайұлы.

Толық ақпарат видеонұсқада.