Жас ақын Серік Кенжебекұлының шығармашылығына шолу

Әр сенбі сайын Қазақ радиосының эфирінен шығатын «Жырлайды жүрек» хабарының кезекті саны Жасұлан Серік Кенжебекұлы шығармашылығына арналды. 

«Жырлайды жүрек» хабарының мақсаты – ақындар шығармашылығын талдай отырып, поэзиясымен етене таныстыру. Тыңдарманды тіл құдыретін түсінуге, сөз өнерін сүюге шақыру.

Хабар басында Серік Кенжебекұлының өмірбаяны таныстырылды. Ары қарай үш бөлімнен тұратын айдарлар бойынша өрбиді.

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» айдары бойынша ақынның өз оқуында өлеңдері ұсынылды. 

«Әдеби сын» айдарында ақын Арман Шеризат Серік Кенжебекұлының өлеңдеріне қатысты сын-пікірін білдірді. 

«Үзіліп түскен тамшы жыр» айдарында жас ақынның лирикалық жырларын Қазақ радиосының редактор-жүргізушілері Ғылымқал Манайұлы мен Айнұр Шәмшейтова оқыды. 

Толық ақпарат видеонұсқада.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Ғылымқал Манайұлы.