«Ашу – дұшпан, ақыл – дос»

Қазақ радиосының тікелей эфирінен берілетін «Ықылас» бағдарламасында «Ырыскелді қажы» мешітінің найб имамы Нұрқанов Сейіт Темірбекұлы қонақта болды.

Хабарда ашудың зияны жайында сөз қозғалды.

Ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы. Ашулану – адамның көркем мінез - құлқын құртып, денсаулығына зиян келтіреді. Ол денедегі қан айналым жүйесінің ауытқуына апарады. Қан тамырлардың тарылуына себеп болады және қанның еркін айналуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті әсіресе, жүрек ауруы бар адамдарға ашулануға болмайды. Сондай-ақ адам ашуланған кезде қанның құрамындағы қант мөлшері де артады. Адамның санасын игере алмауының себебі де қан айналымының нашарлауынан болады.

Сүйікті пайғамбарымыз: «Нағыз күшті, балуан, қаһарман - бәрін жеңген адам емес. Ашуланған кезде нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам» деген. 

«Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос» дегендей, ашу денсаулыққа зиян. Ол түрлі ауруға шалдықтырып, күйзеліске түсіреді. Мұны ғалымдар да растап отыр. Көп зерттеу жұмысы ер адамдардың күйзеліске шалдығуы тікелей ашумен байланысты екенін дәлелдеген. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Ықылас» бағдарламасын әр жұма сайын сағат 10:15-те Қазақ радиосынан тыңдай аласыздар.