«Әнім де, жырым да – анама»

«Жырлайды жүрек» әдеби-сазды хабарының кезекті саны ақын Сүндет Сейітовтың шығармашылығына арналды. 

Сүндет Мұратбекұлы Сейітов – Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге келген.  Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернатының түлегі. Марден Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Халықаралық М.Әуезов атындағы «Құрмет» грамотасының иегері, Республикалық М.Мақатаев атындағы жыр мүшәйрасының 4 дүркін жеңімпазы. Облыстық «Елбасы елдің – тірегі» жыр мүшәйрасының 2 дүркін, Республикалық Жамбыл Жабаев атындағы жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Сонымен қатар, «Шырайлым – Шұбайқызыл», Облыстық Әбілда Аймақ атындағы жыр мүшәйраларының, Халықаралық «Түркістан – ер түріктің бесігі» жыр мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Мен жастарға сенемін» мүшәйрасының бас жүлдегері.

Өлеңдері «Қызмет», «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Рабат», «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет порталы», «Мәдениет порталы» сияқты порталдарда жарияланған. «Тәубе», «Мәрия» жыр жинақтарының авторы.

Бүгінгі таңда Республикалық «Ер бірлігі», «Қызмет», «Қазығұрт» әдеби журналдарының тілшісі, Облыстық «Шам» жас ақындар орталығының төрағасы.

Сүндет Мұратбекұлының шығармашылығы туралы толығырақ «Жырлайды жүрек» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Ғылымқал Манайұлы.