Абайтану мәселесі: туған күні жөніндегі деректер

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы сағат 15.00-де Достық үйінің мәжіліс залында «Абайтану мәселесі: туған күні жөніндегі деректер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Шараның мақсаты – Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, хакім данамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның өлеңдерін зерделеу, шығармашылығын жаңғырту, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру. Аталған шараны республикалық деңгейде атап өту үшін алғышарттар жасау. Ұлы ақынның туған күніне байланысты туындаған даулы мәселелерге шығармашылық, ғылыми топтың өкілдерімен талдау жасап, түйінін шешу. Абай шығармашылығын топтастырып, зерттеу жұмысын жүйелендіру, шығармашылығының насихатталуына ықпал жасау.

Жиынға депутаттар, әкімдік қызметкерлері, абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер, алаштанушылар, тарихшылар шақырылды.