«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Әр баланың арманы асқақ. Әсіресе жаңа оқу жылы жақындағанда олардың қиялына қанат біте түсетіні бар. Өйткені мектепке жаңа киім, сөмке, қажетті құрал-жабдық алады. Осының өзі оларға ерекше әсер сыйлайды. Бірақ балаларын жаңа киім-кешек, оқу-құралдарымен қамтамасыз етуге кейбір отбасының жағдайлары жетпейді. 

Қоғамнан жаңа мүмкіндіктер, көмек күтетін балалар сала мамандарының назарынан тыс қалған емес. Әр жыл сайын өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында оларға қажетті қолдау көрсетіліп келеді.

Бұл акция биыл жылдағыдан бір ай ерте басталып отыр. Жамбыл Облысы Білім басқармасының мамандары жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде көмекке мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 28230 бала анықталыпты. Оларға 1 шілде мен 30 қыркүйекке дейін жалғасатын игі шара аясында қолдау көрсетіледі.

Толық ақпарат «Атымтай» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.