Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында жеңіске жеткен елордалық «Барыс» командасын құттықтады.

«Барыс хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогын ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.

Еске салайық, шайбалы хоккейден ҚР Президентінің Кубогына арналған 10- халықаралық турнир елордада 7 тамыз күні басталды. «Барыс Арена» мұз айдынында жергілікті «Барыс» пен Қазан қаласының «Ак Барсы» арасындағы алғашқы матчты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып тамашалады.

11 тамыз күні мерейтойлық турнир мәресіне жетті. Оның чемпионы Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» командасы болды. Бұған дейінгі үш кездесуін де жеңіспен аяқтаған аталмыш клуб бүгін Ресейдің «Салават Юлаев» командасымен шеберлік байқасты. 



Дереккөз: inform.kz