Райхан гүлі ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иісті кетіреді

Райхан гүлі бүйрекке жақсы әсер береді, ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иісті кетіреді . Құрамындағы эфир майының арқасында бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Ол бас ауруын емдейтін қасиетке де ие. Хош иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, ара гүлінен бал жинайды. Сонымен қатар, гүлдің құрамында В1, В2, РР дәрумендері және аскорбин қышқылы бар.  

Қазақстанда райхан гүлінің нәзік, үзілме, бүнге, памиралай, иісті және келімсек деген 6 түрі өседі. Медициналық несеп айдағыш және ішек құртын жоятын дәрілердің орнын алмастырады. 

Қазақ радиосынан берілетін «Гүлдесте» хабарының кезекті шығарылымы Райхан гүлінің денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеттері жөнінде болды. 

Толық ақпарат аудионұсқада. 

Бағдарламаның редакторы: Айнұр Шамшейтова.