Сөйлеу мәдениетіне мән берсек

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Сөйлеу мәдениеті» хабарының кезекті шығарылымы «Сөйлеу мәдениетінің жоғалуы, тілдің қолданысының кемуі неге алып келеді?» деген сұрақ төңірегінде өрбіді. Қоғамдық ойға қозғау салатын хабардың тұрақты қонағы: филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Ана тіліміздің келешегі бүгінгі мектеп оқушыларынан басталады деуге болады. Өйткені болашақта ел тізгінін ұстайтын қазіргі жеткіншектер емес пе?! 

Сенім артып отырған осы жастар өз ойларын ана тілінде дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды. Басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып, не болса соны айтатындары да бар. Осындайда сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтынын түсінеміз. Ендеше, сөйлеу мәдениетінің жоғалуы, тілдің қолданысының кемуі неге алып келеді десеңіз, толық сұхбатты хабардың аудионұсқасынан тыңдаңыз.  

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейт. 

Әуенін әрлеп, сазбен көркемдеген: Гүлжанат Байшотқызы.