Қажығали Мұханбетқалиұлы: Көрмеген әкемді сағынамын

«Әдебиет әлемі» хабарының бүгінгі саны жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды. 

Жазушы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Ақтөбе облыстық радиосында, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының Бас редакторы болған. 

Қажығали Мұханбетқалиұлымен болған сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. 

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.