Алпамыс батыр

Жекелеген фольклорлық мұраның шығу төркінін, туындау мерзімін анықтау арқылы бүтін бір халықтың әрқилы кезеңдегі белгісіз тарихын, мәдениетін, ұлттық болмысын анықтауға болады.

Тектіліктің түп тамыры тереңде жатқан, аты аңызға айналған бабамыз Алпамыс – қоңырат руының батыры еді. Үлкен оқиғаларға тірек болған жер атауы – Жиделі Байсын деп аталады.

Қазақ эпосын зерттеуде Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, ӘДиваев, В.М.Журминский, М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Р.Бердібай, Т.Сыдықов, Т.Қоңыратбаев сынды т.б. ғалымдардың еңбектері көп болды. Алпамыс батыр туралы ғалымдарымыз көп зерттеді. В.М.Журминскийдың айтуынша, Алпамыс туралы халық туындыларының алғашқы нұсқасы VІ-VІІІ ғасыр аралығында Алтай өлкесінде, Түркі қағанаты тұсында дүниеге келген.

Қазақ радиосынан берілетін «Інжу-маржан» хабарының кезекті шығарылымы Алпамыс батырға арналды.

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Қошан Мұстафаұлы.