Саңғыл би

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Інжу-маржан» хабарының кезекті шығарылымы тарихи тұлға, аузымен құс тістеген атақты шешен Саңғыл би бабаға арналды.

Саңғыл би баба – ХІІ-ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан дәуірінде ғұмыр кешкен. Ауызша жеткен деректерде 1206 жылғы үлкен құрылтайда Шыңғысты ақкиізге көтеріп хан сайлағанда, Майқы би мен Саңғыл бидің шешуші роль атқарғандығы айтылады.

Саңғыл би Шыңғыс ханның Хорезм жорығына қатысып, одан кейін қол астындағы қоңыраттармен Сыр бойында, Жошы ұлысында қалғандығы жөнінде тарихи деректер кездеседі.

Түрік-моңғол шежірелерінде Саңғыл руының ұраны «Мүлкаман» болғандығы, Саңғыл би Мүлкаман батырдың шөбересі деген де тұжырымдар бар.

Саңғыл би турлы толығырақ «Інжу-маржан» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Қошан Мұстафаұлы.