Шетел мультфильмдерінің қазақша дыбысталуы

«Болашақ» корпоративтік қоры 2011 жылдан бері «The Walt Disney Company», Pixar Animation Studios туындыларын қазақ тілінде дыбыстап, көпшілікке ұсынып жүр. Бұған дейін 31 анимациялық өнімді дыбыстады. Алда «Малефисента-2», «Мұзды өлке-2» фильмдерін ұсынбақ. 

Осыған орай, «Filmfan» бағдарламасы кезекті санын шетелдік анимациялық фильмдердің қазақшаға дыбысталуына арнады. 

Бағдарлама қонақтары: Жәнібек Мұсаев – актер, Сая Тоқманғалиева – актриса, Айымгүл Орынбаева – Болашақ корпоративтік қоры «Өзіңнен баста» жобасының жетекшісі. 

«Disney», «Pixar» студиясының «Тачки 2», «Көліктер 2» жобасының ең алғашқы анимациялық фильмі Қазақстанға халықаралық танымалдық әкелді — «Disney» студиясы жүк көлігі Мэтр рөліндегі актер Азамат Қанапияның даусын әлемдегі ең үздік дауыс деп таныды. 

Азамат Қанапия тікелей эфирде қоңырау арқылы пікірін білдіріп, студия қонақтарымен бірге фильмнен үзінді орындап берді. 

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.