Дүние – ақырет егістігі

Қазақ радиосының «Ықылас» бағдарламасында «Әлжан ана» мешітінің ұстазы Азамат Ақтанов  қонақта болды. Хабар барысында қасиетті жұма уағызы, «Дүние – ақырет егістігі» тақырыбында сөз қозғалды.

Ақылды адам – өзін-өзі есепке алып, нәпсісін тыйып, Алла Тағаланың көрсеткен шекарасында жүріп, ақырет үшін амал етеді. Мән берсек, «Барар жерің қараңғы, шамшырағың сайлап ал» деген сөздің төркінінде көптеген мән жатыр. Оған дайындықты қалай жасаймыз? Қайткенде жүзіміз жарық болады, шырақты қалай жағамыз? Студия қонағы осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Ықылас» бағдарламасын әр жұма сайын сағат 10:15-те Қазақ радиосынан тыңдай аласыздар.