Құлыншақ Кемелұлы

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Інжу-маржан» хабарының кезекті шығарылымы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қаратау өңірі ақындық мектебінің ірі өкілі, сөз зергері, айтыс аламанының ақтаңгері, жасында «Қарадауыл» атанған Құлыншақ Кемелұлына арналды.

Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911ж.ж.) күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. «Көлбайға», «Дүйсенбі датқа», «Құдды мініп, құланды құрықтап жүр» толғаулары, «Шырын-Шекер» дастаны, «Оңдыбайға», «Майлыға», «Мәделіге», т.б. өлеңдері бар.  

Құланшақ Майлықожа, Шөже, Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. «Алпамыс» эпосының толық нұсқасын жырлаған.

Құлыншақ Кемелұлы туралы толығырақ «Інжу-маржан» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Қошан Мұстафаұлы.