Гүлдердің түсін дұрыс таңдай білу ережелері

Сыйлықтардың ішінде қош иісті гүл шоқтарының орны ерекше. Алайда гүл шоқтарының арасынан өзіңізге керегін қателеспей, қалай дұрыс таңдауға болады?

Флористердің айтуынша, гүл шоқтарын дұрыс таңдаумен қатар, олардың түсін дұрыс таңдай білуде де бірнеше ереже бар.

Қандай түсті гүл сыйлаймыз? 

1. Қызғылт түсті гүлдер – адамдардың жақсы қарым - қатынаста екенін білдіреді. Сонымен бірге қызғылт түсті универсалды түс деп есептеуге болады: оны үлкен-кішіге де және әріптестеріңіз бен бастығыңыз да сыйлауға болады.

2. Сары түс – табысқа жету мен күндей жарқырауды білдіреді, бұл түстегі гүл шоқтары шығармашылық адамдарына тамаша сый болады.

3. Қызыл түс – шексіз махаббаттың символы, сондықтан қызыл түсті гүл шоқтарын сүйіктіңізге және ең жақын адамыңызға тарту етуге болады.

4. Қанық қызыл – (күрең қызыл) түстері құмарлықты білдіреді. Мұндай түсті гүл таңдағанда мұқият болыңыз, кімге сыйлайтыныңызға сенімді болыңыз.

Толығырақ "Гүлдесте" хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейітова.