Мүмкіндігі шектеусіз жан

Жаңа маусымда тыңдаушысымен қайта қауышқан «Мың алғыс» хабарының қонағы – Айкүміс Мұрадова. 

Айкүміс өнерге құштар қыз. Бос уақытында театрға барады, спортпен шұғылданады. Сонымен қатар, ән де айтады. ІТ саласы бойынша білім алуда. Қоларбада отырмын деп біреудің қолына қарап қалған жоқ. Маникюр жасап, табысты болудың да жолын тапты. Тағдырына жазылған сыннан сүрінбей өтуді көздеген Айкүмістің арманы асқақ. 

Толығырақ «Мың алғыс» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

Хабардың редакторы: Амангүл Ермекқызы