Ш.Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы» әні кімге арналды?

Қазақ радиосынан берілетін "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовқа арналды.

Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

"Шікркін-ай!" бағдарламасында Ш.Қалдаяқовтың "Арқалықтың ақ таңы" әні кімге арналғаны жайлы айтылып, әндері берілді. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан.