«Астана» радиосында жаңа жоба – «Бағдаршам»

«Астана» радиосында әр сенбі сайын кешкі 21:00-23:00 аралығында жастарға арналған жаңа жоба – «Бағдаршам».

Екі сағатқа созылатын эфир уақытын барынша тиімді пайдаланып, күннің басты тақырыбын талқылап,  отандық және шетелдік чарттардағы хит әндер мен қызықты сұхбат тыңдап, әзілге күліп, танымдық ақпараттармен сусындаңыз. Сондай-ақ, ойындарға қатысып, түрлі сыйлықтардан құр қалмаңыз. Интерактив түрінде өтетін бағдарламаға қатысып, ой бөлісіп, әңгіме айтуға мүмкіндік бар. Тікелей эфир нөмірі: /7172/ 75 72 77. WhatsApp желісіндегі нөмір: 8 700 101 4000. 

«Бағдаршамның» алғашқы щығарылымы 7 қыркүйекте тыңдаушыға жол тартты. Эфирдің басты тақырыбы – махаббат. Махаббат дегеніміз не, мәні неде? Жүршізушілермен бірге Отанға, қоғамға, ата-анаға деген махаббатты талқылаған хабардың қонағы – «Астана» радиосының тыңдаушыларына етене таныс, «Біздің уақыт» хабарының жүргізушісі, даусы құлақ құрышын қандырған, ақылына көркі сай, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ұйымдастырған «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы – Ақмарал Көкенайқызы. 

«Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушілері: әдемі әзіл мен қағытпа қалжыңға жүйрік Әбілқасым Есентай, нұры тасыған Нұртас Нұрғали және «Shalqar», «Astana», «Classic» және Қазақ радиосының алтын дауысы – Әділет Рахымбай.