Адамның көз жасы туралы зерттеу жүргізілді

«Көз жасыңа ерік бер, жеңілдеп қаласың». Дәл осы сөздерді жиі естиміз және жылап алсақ, жеңілдеп қалатынымызға сенеміз. Сондай-ақ, көпшіліктің алдында жылау – әлсіздіктің көрінісі дейміз.  

Ғалымдардың айтуынша, бұл екі түсінік те 100 пайыз дұрыс емес. ВВС-дің хабарлауынша, Аустралиядағы Квинсленд университетінің психологтары зерттеу жүргізген. Ли Шармэн және оның әріптестері тарихта алғаш рет адамның көз жасын тексеретін тест ойлап тапты. Олар «Адамдардың көзінше жылау дұрыс па? Оның қандай салдары болуы мүмкін?» деген сауал жолдап, еріктілердің жауабын жинақтаған. Шармэн бастаған ғалымдар осы зерттеудің нәтижесінде мынадай 3 шешім шығарған:

- Оңашада жылап алу пайдалы.

- Оңашада жылаудың түк пайдасы жоқ.

- Көпшіліктің көзінше жылаудың да еш пайдасы жоқ.

Яғни, зерттеушілер оңашада жылаудың пайдалы немесе пайдасыз болуы адамның мінезі мен көзқарасына байланысты дейді. Ал америкалық психолог Рэндолф Корнелиус 1985 жылдан бері БАҚ беттеріне шыққан адамның көз жасы туралы 72 мақаланы сараптап, оның 94 пайызында көз жасына ерік берудің пайдалы деп жазылғанын дәлелдеді. Басылымның хабарлауынша, танымал британ психиатры Генри Модсли «эмоцияны сыртқа көз жасы арқылы шығармау көптеген ішкі органдардың ауруына алып келеді» деп жазған.

Өзге де қызықты ақпараттарды хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.