Бағдат Сәмидинова: Сын-пікірлерді қуана қабылдаймын

Қазақ радиосынан берілетін "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Бағдат Сәмидинованың шығармашылығына арналады.

Ең алғаш қырғыздың «Жал-жалым» әнімен тыңдармандарын тәнті еткен әнші қазақ өнеріне өзіндік үлес қосқан дара тұлға. «Сарыарқа», «Өз елім», «Отырардағы той», «Мен даланың қызымын» секілді рухты әндердің орындаушысы жүрек қылын шертетін нәзік, махаббат әндерімен де ерекшеленеді.

"Шікркін-ай!" бағдарламасында Бағдат Сәмидинованың ең үздік әндері тыңдарман таңдауы бойынша шырқалып, ұсыныс-пікірлері ашық айтылды.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан.