«Қарадауыл» Құлыншақ Кемелұлы (5-бөлім)

«Інжу маржан» хабарының бесінші бөлімі ерке сөз секіртіп, қаусырма жақ, қызыл тілінің арқасында алты алашқа танылған, сүйегіне сөз сіңген, айтыс аламанының ақтаңгері, жасында «Қарадауыл» атанған Құлыншақ Кемелұлына арналады.

Құлыншақ Кемелұлы Шығыс шайырларының шығармаларын оқып, небір қисса-хикаяларды жаттап насихаттайды. Қобызға, домбыраға сырнайға қосылып,  «Қыз Жібек», «Шора батыр», «Шекер-Шырын»,т.б. жыр, қисса, толғау, терме халық дастандарын айтады. Замандас ақын шайырларға арнап, арнау өлеңдер де жазады. 

Құлыншақ Кемелұлы туралы толығырақ «Інжу-маржан» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Қошан Мұстафаұлы.