800 000 теңгеге тірелген бала тағдыры

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі саны ауыр дертке шалдыққан Рамазан Тимурұлына арналды. 

Бағдарламаға Қызылорда қаласы Шиелі ауданынан Жұлдызай Орынбаева хабарласып, ұлының жағдайы туралы сұхбат берді. Анасының айтуы бойынша босану кезінде дәрігерлер тарапынан кеткен қателік ұлын бүгінгі жағдайға жеткізген. Сәби толғақ кезінде тұншығып, микроинсульт алған. Бір жастан асса да не отырмайды, тіпті мойынын да ұстай алмайды. Ойлау жүйесі де жасына сай жетілмеген. Анасының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Ендігі үмітті Түркия еліндегі клиникаларға артып отыр. Қазан айына жоспарланған 10 000 000 теңге тұратын ем-шарасына 800 000 теңге жетпей тұр. 

Перзенті үшін шырыл қағып, Қазақ радиосына хабарласқан анаға демеу болайық! 

Рамазанның анасы Жұлдызай Орынбаеваның атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4971 0324 4186

QIWI: 8 747 797 79 40 

ЖСН: 9207 2540 1444